Түркіменстанда президентті насихаттау күшейді
Люди с портретом Гурбангулы Бердымухамедова в День независимости. Ашхабад, 27 октября 2009 г. (архивное фото)
Түркімен парламенті 2022 жылды «Халықтың Аркадагпен бірге заманы» деп жариялады. Жергілікті биліктер президент Гурбангұлы Бердымұхамедовті матақтап жатыр.
Азатлык тілшілерінің хабарлауынша, жергілікті биліктер бюджетке қарасты ұйымдардың жұмысшыларымен Бердымұхамедовті насихаттауды көздейтін шаралар ұйымдастырып жатыр. Елде жеке басқа табынушылық күшейді. Бюджет қызметкерлері үйлеріне президент суретін іліп қоюы тиіс.
Насихат жұмыстарына білім мекемелерінің, медициналық ұйымдардың, зауыттар мен фабрикалардың, соның ішінде мұнай өңдеу кәсіпорындарының жұмысшылары тартылған.
Түркімен парламентінің 2022 жылды «Халықтың Аркадагпен бірге заманы» деп жариялауы да елдегі жеке басқа табынушылыққа жаңа серпін берген.
Бюджет қызметкерлері президент Бердымұхамедов шығарған делінетін кем дегенде он өлеңді жатқа білуі тиіс. Бұған қоса, олар президент кітаптарының аттарын жаттап жүр.
newstaraz.kz