Түркіменстанның экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің анасы қайтыс болды
Тәжікстан президентінің ресми сайтында Түркіменстанның экс-президенті, халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің анасы, қазіргі президент Сердар Бердімұхамедовтің әжесі Огулабад әженің қайтыс болғаны жөнінде ақпарат жарияланды.
Түркіменстанның ақпарат құралы бұл ақпарат жөнінде бірден хабарламады. Тек 8 сәуірде мемлекеттік агенттіктерде президенттің әжесі өмірден өтті деген қысқа жаңалық жарияланды.
Осыған байланысты Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің 10-11 сәуірде жоспарланған Тәжікстанға ресми сапары кейінге шегерілген.
Ресми ақпараттарда көрсетілгендей, Огулабат Бердімұхамедова 1937 жылдың 15 маусымында дүниеге келген. Гурбангулы Бердімұхамедов президент болып тұрған кезде анасының құрметіне барлық атақ, марапат берілді. Түркіменстанда оны «Қаһарманды дүниеге әкелген ана» деп құрмет көрсетті.
newstaraz.kz