Түркіменстанның шығысындағы тұрғындар карантин шектеулеріне қарсы шықты
Түркіменабад қаласында қараша айының басынан бері карантин шектеулеріне қарсы тұрғындардың бірнеше наразылық акциясы өткен.
1 қарашада базардағы ондаған саудагер көшені жауып, жұмыс істеуге рұқсат беруін талап етті. Ал 5 қарашада қалада автобус жүргізушілерінің ереуілі болды. Бұл туралы Азаттық радиосы түркімен қызметінің Түркіменабадтағы тілшісі хабарлады.
5 қарашада «Лебапавтоулаг» кәсіпорынының жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты. Ереуілге отыз жақты автобус жүргізушісі қатысты. Бұған басшылықтың жүргізушілерге қойған талабы себеп болған. Карантин кезінде әрбір автобуста жолаушылар саны оннан астауы тиіс. Тәртіп бұзғандар жұмыстан шығарылады. Соған қарамастан автобус жүргізушілері бұрынғысынша күніне 300 манат өтізуі тиіс. Карантин тәртібін бұзғандар, күндізгі жоспарды орындамағандар да жұмыстан шығарылады.
Тілші мәліметінше, 1 қарашада қала базарындағы он шақты саудагер жолды жапқан. Соның салдарынан қала көшелерінде шамамен төрт шақырымға созылған көлік тығыны пайда болды. Оқиға орнына келген ондаған полицей билікке талап қоюшыларды автобустарға тиеп алып кетті.
Түркіменстан билігі елде коронавирус жоқ деуден танбай келеді, бірақ биыл тамыз айында сауда және ойын-сауық орындарын жауып тастады.
newstaraz.kz