Түркия Ирактың солтүстігінде күрд топтарына қарсы жаңа шабуыл бастады
Дүйсенбі, 18 сәуірге қараған түні Түркия әскері Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмысшы партиясының (КЖП) қарулы топтарына қарсы жаңа операция бастады. Бұл туралы Түркияның қорғаныс министрлігі хабарлады.
Алдымен Түркияның әскери ұшақтары мен артиллериясы КЖП-ға тиесілі нысаналарға шабуыл жасаған, одан кейін шекара түбіндегі аумаққа жаяу әскер кірген. Бұл туралы Түркия қорғаныс министрі Хулуси Акар мәлімдеді.
Акардың сөзінше, Түркия әуе күштері КПЖ-ға тиесілі жасырын орындар, бункерлер, үңгірлер, қару-жарақ қоймалары мен штаб-пәтерге «сәтті» шабуылдаған. Бірақ ол бұл операцияға қанша сарбаз бен ұшақ жұмылдырылғанын айтпады. Ирактың солтүстік бөлігінде орналасқан күрд қарулы топтары әлі ешқандай мәлімдеме жасамады.
Кейінгі ондаған жылда Түркия күштері КПЖ-ға қарсы әуеден шабуылдап, құрлықта бірталай трансшекаралық операция жүргізген. Түркия қорғаныс министрінің мәлімдеуінше, осы шабуыл Ирактың Метина, Зап және Авашин-Басъян дейтін үш ауданын қамтыған.
1984 жылы КПЖ Түркияның күрдтер көп тұратын оңтүстік-шығыс бөлігінде партизандық іс-қимылдар бастағаннан бері ондаған мың адам қаза тапты. Түркия, АҚШ және Еуропадағы бірқатар ел КПЖ-ны террор ұйымы деп таныған.
newstaraz.kz