Түркияда өзбектің оппозиционер ақыны Мұхаммад Салихтың кітабы жарық көрді
Стамбұлда ХХ ғасырдағы өзбектің танымал ақыны Мұхаммад Салихтың 13 томдық кітабы жарық көрді.
Ақынның әр жылдары жазылған шығармалар жинағы «Куллиёт» деп аталады. Оған өлеңдері, сұқбаттары, публицистикасы, ғылыми-танымдық мақалалары мен Мұхаммад Салихтың өмірбаяны көрініс тапқан.
Ақын әрі саясаткер Мұхаммад Салих Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтің басты оппоненті болды. Ол 1993 жылы саяси қысымнан кейін, елінен кетуге мәжбүр болған.
1999 жылы өзбек билігі оны сырттай ұзақ мерзімге соттады.
2017 жылы Өзбекстанның зиялы қауым өкілдері қазіргі президент Шавкат Мирзияевтан ақынды ақтауды сұрады. Бірақ бұл өтініш жауапсыз қалды.
newstaraz.kz