Тәліптер Душанбе мен Бішкекті ымыраласуға үндеді
Официальные представители движения «Талибан»
«Талибан» қозғалысы Тәжікстан мен Қырғызстан биліктерін жанжалды бейбіт жолмен шешуге шақырды. 28-29 сәуірде тәжік-қырғыз шекарасында болған қарулы жанжалда ондаған адам қаза тапты.
«Талибан» қозғалысының ресми өкілдерінің бірі Забехулло Муджохид 5 маусымда твиттерде: «Ислам Әмірлігі» (тәліптер өздерін осылай атайды) бауырлас, мұсылман дінін ұстанатын екі елді жанжалын бейбіт жолмен шешуге үндейді», — деп жазды. Муджохидтің пікірінше, соғыс басталғанда оны шешу оңай секілді көрінеді, бірақ оның салдары мен зардаптары жауласушы тараптар ойлағаннан әлдеқайда көп болады.
Бұның алдында «Талибан» қозғалысы Таулы Қарабахта армян-әзербайжан жанжалы туралы пікір білдіріп, БҰҰ декларациясында бұл аймақ Әзербайжанға қарайтынын, бірақ Армения оны басып алуын тоқтатпай отыр деп мәлімдеген.
Тәжік-қырғыз шекарасындағы қарулы жанжалдан соң көрші мемлекеттер мәселені бейбіт жолмен шешуге үндеді. Олардың арасында Ауғанстанның сыртқы істер министрлігі де бар.
Қазақстан мен Өзбекстан да тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжал бейбіт жолмен шешілгенін қалайтынын мәлімдеген.
Ауғанстан үкіметімен соғысып жатқан «Талибан» қозғалысы алғаш рет тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжал жөнінде мәлімдеме жасады.
Тәжікстан мен Қырғызстан «Талибан» қозғалысын террористік ұйымға жатқызып, ел аумағында оның қызметіне тыйым салған.
newstaraz.kz