Новости на Newstaraz.

Тәжік-қырғыз шекарасындағы атыстан бірнеше адам жараланды

newstaraz.kz

Иллюстративное фото

Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы атыс салдарынан тәжік және қырғыз шекарашылары жараланды.

Қарулы жанжал 12 сәуірде Тәжікстанның Соғды облысы Бодожон Ғафур ауданына қарасты Хистеварз ауылы мен Қырғызстанның Баткен облысы Лейлек ауданына қарасты Борбордук ауылы арасында болған.

Азаттық радиосы Тәжік қызметінің (Озоди радиосы) хабарлауынша, атыстан 27 жастағы сержант Зоир Саидумаров жараланған. «Оның іші мен кеудесіне оқ тиген. Қазір Сержантқа ота жасап жатыр. Жағдайы ауыр», деді дереккөз.

Шекарадағы жанжал кезінде жараланған қырғыз шекарашысын да Лейлек ауданындағы ауруханаға жеткізген. Оған да ота жасалады. Науқыстың жағдайы ауыр.

Тәжікстан билігі әзірге болған оқиғаға қатысты мәлімет таратпады. Дегенмен жанжалдан хабардар дереккөздің хабарлауынша, атыс тәжік шекарашыларының күзеті аймақты аралау кезінде болған. «Қырғыз шекарашыларының ащы сөздері әуелі айқайға, сосын атысқа ұласты», дейді дереккөздердің бірі.

Бұл уақытта, Қырғызстан ҰҚМК Шекара қызметі атыс Қырғызстан шекарашылары қызмет еткен орында болғанын хабарлады. Қырғыз жағының мәліметінше, тәжік шекарашылары қырғыз жауынгерлерінің келе жатқанын көре тұра «мемлекеттік шекараның шартты сызығымен жүруін тоқтатпаған».

«Қырғыз шекарашыларының сызықтан өз жағына қарай өтуді талап еткеніне құлақ аспаған тәжік шекарашылары Қырғызстан аумағына 20 метрдей кіріп кеткен. Тәжік шекарашыларын Қырғызстан шекара қызметі күзететін аумаққа кіргізбеу мақсатында әуеге ескерту оғы атылды», — деп түсіндірді қырғыз шекара қызметі. Бірақ «Тәжікстан шекарашылары оған жауап ретінде қырғыз шекарашыларын атты», — делінген Қырғызстан шекара қызметі таратқан мәліметте.

Екі елдің шекара қызметтері өкілдерінің келіссөздері нәтижесінде атыс тоқтады.

Қырғызстан ҰҚМК Шекара қызметінің хабарлауынша, сағат 21:17-де атыс қайта жалғасқан. Қызмет мәліметінше, оқиға орнына шекарашыларға қосымша көмек ретінде келген тәжік шекарашылары Қырғызстан шекарашыларына қарай оқ атқан. Шамамен 30 минутқа созылған атыс кезінде Қырғызстанның бір шекарашысы жараланған. Қырғыз шекара қызметі таратқан мәліметте айтылғандай, тәжік жағы қырғыздың Достук ауылын минометпен атқылаған. Атыс сағат 22:15-те тоқтаған.

Қырғызстан Шекара қызметі 12 сәуірде сағат 23.15-те «тәжік жағының күштері мен қарулары» Қырғызстанның Баткен облысы Баткен ауданына қарасты Радар-1 елді мекеніне қарай шоғырлана бастады деп хабарлады.

Шекарадағы атыстан бірнеше сағат бұрын Тәжікстан мен Қырғызстан делегациялары Исфарада шекаралас ауылдардағы жанжалды доғару мәселесін талқылаған. Оған Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмадзода мен Баткен облысының басшысы Абдукәрім Әлімбаев қатысты.

Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы шекара 970 шақырымға созылып жатыр, соның 519 шақырымының ғана ресми мәртебесі анықталған. Даулы жерлерде үнемі жанжал болып тұрады. Тура бір жыл бұрын қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыстан ондаған адам қаза тапты.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »