Тәжік-қырғыз шекарасындағы тұрғындар «достық палауында» бас қосты (видео)
Өткен жексенбі күні қырғыз-тәжік шекарасындағы ауыл тұрғындары «достық палауында» бас қосқан.
Бұл былтырдан бері жанжал шыққан аймақтағы болып отырған екінші рет достық кездесу.
Азаттықтың тәжік қызметінің хабарлауынша, екі елдің милиция қызметкерлерінің араласуымен өткен бұл кездесуге 100-ден астам адам жиналған.
Екі кездесу де нағыз даулы аймақ – тәжіктің Сомониён мен Навобод және қырғыздың Кок-Таш пен Самарқанда ауылдарында болған. Тараптар тағы кездесетін болып тараған.
Қырғыз-тәжік шекарасының ұзындығы 970 шақырым болса, оның 519 шақырымы ғана белгіленген. Қалған даулы аймақ бойынша ортақ шешімге келе алмай жатқаны айтылып келеді.
Даулы аймақтағы жер, су үшін тұрғындар арасында жиі жанжал болып тұрады.
newstaraz.kz