Тәжік армиясында балама қызмет етудің бағасы белгілі болды
Тәжікстанда балама негізде әскерде қызмет етудің бағасы белгілі болды. Енді қалаушылар қорғаныс министрлігіне 25 200 сомони (2,2 мың доллар) төлеп, екі жылдың орнына бір ай әскери дайындықтан өтсе болады.
Тәжік парламенті биыл қаңтарда қабылдаған «Жалпы әскери міндет және әскери қызмет туралы» заңның жаңа редакциясына сәйкес, жыл сайын әскер жасындағы азаматтардың 10% армияға шақырылады.
Қалған азаматтар ақша төлеп, бір ай қызмет еткеннен кейін әскери билет алса болады.
Бірақ ақылы әскери билет алған азаматтар прокуратура, сот, кеден қызметі, коррупцияға қарсы күрес мекемесінде және жазаны атқару орындарында жұмыс істей алмайды.
Бұдан бөлек жаңа заңға сәйкес, жоғару оқу орындарындағы әскери кафедраларда оқыған студенттерге армияда қызмет еткеннен кейін ғана офицерлік атақ беріледі.
Тәжікстанда армияға шақыру жылына екі рет – жазда және күзде жүреді. 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар әскерге шақырылады.
newstaraz.kz