Тәжік демократиялық партиясы Тәжістанның Еуразия экономикалық одағына кіргенін қалайды
Тәжікстан демократиялық партиясы республиканың Еуразия экономикалық одағына кіргенін қалайды.
Партия төрағасы Саиджафар Усмонзоданың айтуынша, 27 желтоқсанда демократиялық партияның саяси кеңесі осы мәселені талқылап, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Еуразиялық экономикалық одаққа кіру мәселесін қарастыруы керек деп шешті.
Эмомали Рахмон қазір Ресейде жүр: 27 желтоқсанда ол Санкт-Петербург қаласына ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысуға барды.
Тәжікстан президенті баспасөз қызметінің Азаттық радиосы тәжік қызметі — Озоди радиосына хабарлауынша, Санкт-Петербургтегі саммитте бұл мәселе әлі талқыланған жоқ. Эмомали Рахмон Ресей президенті Владимир Путинмен әңгімелескен, бірақ бұған қатысты баспасөзге арналған ресми хабарлама әлі таратылған жоқ.
«Тәжікстан билігі 2014 жылдан бері Еуразиялық экономикалық одаққа кіру мүмкіндігін қарастырып келеді, бірақ нақты қадам жасалған жоқ. Ұйым жарғысына сәйкес, оған мүше елдерден келген мигранттар Ресейде жергілікті азаматтарға берілген құқықтармен жұмысқа орналаса алады», — дейді Усманзода.
Тәжікстан президентінің баспасөз хатшысы Абдуфаттох Шарифзода бұл мәселенің Санкт-Петербургтегі саммитте талқылануы мүмкін екенін жоққа шығармады.
newstaraz.kz