Новости на Newstaraz.

Тәжікстан ислам өркендеу партиясының бұрынғы жетекшілерінің бірі бес жылға сотталды

newstaraz.kz

Тәжікстанда тыйым салынған Ислам өркендеу партиясының бұрыны жетекшілерінің бірі, дәрігер Мирзо Хожимұхаммад (Мирзокул Хожиматов) бес жылға сотталды.

Хожиматов тыйым салынған ұйымға мүше деген айыппен 22 мамырда ұсталды. Оның туыстары бұрынғы саясаткерге тағылған айыптарға негіз жоқ, Хожиматов 2015 жылдан бері ешқандай партияға немесе топқа кірмеді дейді.

Тергеуге жақын дереккөздің Озоди радиосына хабарлауынша, Мирзокул Хожиматов 1 маусыда Худжандтағы № 2 тергеу абақтысына қамалған.

Қылмыстық іске қатысты тергеу шамамен төрт ай жүрді. Тергеу кезінде бұрынғы саясаткер бостандықта жүрді, оны 22 мамырда ғана қамауға алды.

Адвокат Абдусалом Дадобоев сот үкімі шыққанын растады. Заңгер үкімге шағым түсіретінін мәлімдеді. Ол істің басқа да жайттарын айтудан бас тартты.

63 жастағы Мирзо Хожимұхаммад бұрын ТИӨП-тің Соғды облысындағы бөлім басшысының орынбасары болған. Туыстарының айтуынша, дәрігер «партиядан өз еркімен» 2015 жылғы сәуірде шыққан.

Мирзо Хожимұхаммад 2019 жылдан бері Ресейдің Түмен облысында тұрады. Ол биыл ақпанда Тәжікстанға туыстарын көруге келген.

2015 жылы күзде Тәжікстанның Жоғарғы соты оппозициялық Ислам өркендеу партиясын террористік ұйым деп жариялап, оның ел аумағында қызмет етуіне тыйым салды.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »