Новости на Newstaraz.

Тәжікстан таяу үш жылда Азия даму банкінен 462 млн доллар алады

newstaraz.kz

Азия даму банкі таяу үш жылда Тәжікстанға энергетика, көлік, білім, денсаулық сақтау, азық-түлік қауіпсіздігі және мемлекеттік басқару салаларын дамыту үшін 462 млн доллар бөледі.

Бұл жөнінде Тәжікстанның қаржы министрлігі мекеме басшысы Файзиддин Каххорзода мен Азия даму банкінің Тәжікстандағы өкілі Шэнни Кэмпбеллмен 2022-2024 жылдарға арналған бизнес-жоспарды талқылау кезінде мәлім болғанын хабарлады.

Сонымен бірге өткен аптада Азия-Тынық мұхит қорының вакциналарға қол жетімділік жобасына сәйкес Азия даму банкі Тәжікстанға 25 млн доллар көлемінде грант берілетіні хабарланған. Бұл жобаны жүзеге асыру биыл басталған, 2023 жылға дейін созылады.

Бұл жоба аясында COVID-19 вирусына қарсы 3,4 миллион дана вакцина сатып алынбақ. Тәжікстан билігі жасы 18-ден асқан тұрғындардың 62 пайызына коронавирусқа қарсы вакцина салуды қарастырып жатыр.

Тәжікстан Үндістанда шығарылған еуропалық AstraZeneca вакцинасының 192 мың данасын алған. Бірер күн бұрын Қытайда шығарылған CoronaVaс вакцинасының 300 мың данасы жеткізілді.

Азия даму банкі Тәжікстанға қаржылай көмек беріп келе жатқан ірі донорлардың бірі. Аталған қаржы институты бірнеше жылдан бері Тәжікстанның жол және энергетика салаларын дамыту үшін грант бөліп келеді. 1998 жылдан бері 2,2 млрд доллар бөлген. Оның 1,6 млрд доллары грант ретінде берілген.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »