Тәжікстанда ұнды импорттау 12,5 пайызға қысқарды
Биылғы жылдың соңғы бес айында Тәжікстанда ұн импорты 12,5 пайызға қысқарды.
Кеден қызметінің мәліметінше, бес айдың ішінде 102 млн долларға 330 мың тонна астық әкелінген. Осы аралықта ұн бағасы 11 пайызға қымбаттаған.
Тәжікстанда ұн өндіруші зауыттар негізінен Қазақстаннан әкелінетін бидайды пайдаланады. Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстан жыл сайын Қазақстаннан бір млн тонна бидай сатып алады.
Жыл басынан бері Тәжікстанда ұн бағасы бірнеше есеге қымбаттады. Қазір 50 келі ұн 400 сомони тұрады.
newstaraz.kz