Тәжікстанда 24 адам азапталғанын айтып шағымданған
Снимок с фотовыставки жертв пыток и жестокого обращения, организованной Коалицией против пыток
Тәжікстандағы Азаптауға қарсы коалиция 2021 жылы 24 адам өзіне және туыстарына қарсы қинау және қатал үкім шығарылғаны бойынша шағымданғанын айтты. Арасында бес әйел бар.
Құқық қорғаушылардың пікірінше, азаптаудың дені тергеу ісі кезінде болған. Қылмысты мойнына алдыру үшін ұрып-соғып, электр тогымен қинаған, отбасы мүшелеріне қорқыту әрекеті жүргізілген.
Азаптауға қарсы коалиция Тәжікстан үкіметін арызданушылардың көрсетуі бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлеріне тергеу жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды. Азапталғандарға өтемақы төленуі тиіс дейді.
«Билік тез арада Азаптауға қарсы конвенцияның факультативтік қаулысын ратификациялауы тиіс», — деп атап өткен.
Тәжікстан заңдарына сәйкес, тергеу кезінде азаптау ауыр қылмыс болып есептеледі, бұл үшін құқық қорғаушылар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тәжікстанда Азаптауға қарсы коалицияға 20-дан астам халықаралық ұйымдар кіреді.
newstaraz.kz