Тәжікстанда бір отбасының бес мүшесі уланып қайтыс болды
Тәжікстанның Шахритуз аудандық ауруханасына бір отбасының бес мүшесі, оның ішінде кәмелетке толмаған үш бала қайтыс болды. Бұл жөнінде Озоди радиосы хабарлайды.
Ақпаратқа қарағанда, Мухайё Авазалиева есімді жергілікті тұрғын, оның сіңлісі және үш бала ауруханаға 2 мамыр күні жеткізілген.
Аурухана дәрігерлері әзірге бір отбасындағы бес адамның өлімінің нақты себебін айтпады. Олар Душанбеге жіберген анализ қорытындысын күтіп жатыр.
Ал марқұмдардың туыстары үйде жасалған консерваға улануы мүмкін екенін айтады.
Былтыр Соғды облысында да бір отбасының екі мүшесі консерваға уланып, қайтыс болған.
newstaraz.kz