Тәжікстанда «Ислох.нет» сайтындағы мақалаға «лайк» басқан оқырман ұсталды
Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Исфара қаласының 70 жастағы тұрғыны Камолиддин Шарофовты экстремизмге күдікті ретінде ұстаған.
Туыстарының айтуынша, ол қазір Худжанд абақтысында отыр.
70 жастағы Камолиддин Шарофов 5 мамырда Исфара қаласы Сурх ауылында болған жиналыстан кейін ұсталған. Ол жиналыс кезінде жергілікті биліктен заңсыз әрекеттерді жоюды талап етіп, кері жағдайда Озоди радиосы мен «Ислох. ТВ» арнасына арызданатынын айтқан.
Куәгерлердің сөзінше, ауылдық кеңеске тұрғындарды әскерге балаларын жіберу мәселесін көтерген. Олардан билік өкілдері Ресейде жұмыс істеп жүрген әскер жасындағы балаларын қайтаруды талап еткен. Сол кезде 70 жастағы қария билік өкілдеріне өздерің Ресейге барып, балаларымызды қайтарып әкеліңдер деген.
Ауылдық кеңестегі жанжалдан кейін тексеру басталған. Тексеру нәтижесі бойынша Камолиддин Шарофов оппозициялық «Ислох.ТВ» арнасының сайтындағы және әлеуметтік желі парақшасындағы мақалаларға «лайк» басқан деген шешім шығарған дейді оның туыстары.
«Ислох.нет» және «Ислох. ТВ» сайттары Тәжікстанда бұғатталған. Бұл сайттардың негізін оппозиция өкілі Мухаммадикболи Садриддин құрған.
Камолиддин Шарофов – 5 баланың әкесі. Ол мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Кейінгі жылдары жеке кәсіппен айналысқан. Оның туыстары адвокат жалдауға ақша жоқ дейді.
Тәжікстанда тәуелсіз басылымдар бұғатталған. Олардың әлеуметтік желілердегі парақшаларын құқық қорғау органдары тарапынан қатаң бақылауға алынған.
newstaraz.kz