Тәжікстанда сарбаздың сабалуы: «Ворух» шекара комендатурасы басшысы ұсталды
Тәжікстанда «Ворух» шекара комендатурасының басшысы, подполковник Нухзат Лазуриев ұсталды. Бұл туралы елдің бас прокуратурасы хабарлады.
Прокуратура мәліметінше, офицерге қарсы «Қызмет бабын асыра пайдаланды» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тәжікстанда бұл бап бойынша кінәлі деп табылғандар сегіз жылдан 12 жылға дейін еркінен айыру жазасы қарастырылған.
24 сәуірде бас прокуратура жас сарбаздарды сабады деген күдікпен бес әскери қызметкердің ұсталғанын мәлімдеген. Мекеме мәліметінше, оқиға 2022 жылдың желтоқсан айында Соғды облысы Канибадам ауданындағы №0215 әскери бөлімде болған.
newstaraz.kz