Тәжікстанда сексуалдық зорлық үшін жаза күшейтіледі
Тәжікстанда Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында сексуалдық зомбылық үшін жаза күшейеді. Бұл туралы өлкенің әділет министрлігінің орынбасары Шараф Каримзода хабарлады.
Оның сөзінше, парламент заң жобасын қазір талқылап жатыр.
«Барлық министрлік пен мекемелер бұл бап үшін жазаны күшейтуге келісім берді», — деді Шараф Каримзода.
Тәжікстанда 4 шілдеде сегіз жастағы Руфейда Иноятованың зорлықпен өлтірілгені қоғам наразылығын күшейтті. Азаматтық белсенділер жазаны күшейтуді талап еткен.
newstaraz.kz