Тәжікстанда сим-карталарды қайта тіркеу мерзімі бір жылға созылды
Тәжікстанда SIM-карталарды 2014 жылғы үлгідегі ID-паспорттармен қайта тіркеу мерзімі 2024 жылдың 15 ақпанына дейін созылды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода хабарлады.
Оның сөзінше, SIM-карталарды қайта тіркеу мерзімін ұзарту ұсынысын ел президенті Эмомали Рахмон қолдаған.
Екі апта бұрын Тәжікстанның байланыс қызметі мобилді операторлардың 2 миллионнан астам абоненті SIM-карталарын жаңа үлгідегі ID-паспорттармен тіркеу керек екенін ескерткен. Онда тіркелмеген SIM-карталардың 882 мыңы белсенді қолданылып жатқанын хабарлаған.
Тәжікстанда жаңа үлгідегі ID-карталар азаматтарға 2014 жылдан бастап беріле бастады. 2019 жылы билік 1999 жылғы үлгідегі паспорттар SIM-карталарды тіркеуден өткізуге жарамайтынын ескертіп, азаматтарды 2020 жылдың 15 ақпанына дейін қайта тіркеуден өтуге шақырған. Бірақ бұл мерзім екі рет ұзартылды.
Байланыс қызметінің мәліметіне қарағанда, елде мобилді операторлардың 8,3 миллион абоненті болса, бүгінгі күнде олардың 6,4 миллионы белсенді қолданушы болып есептеледі.
newstaraz.kz