Тәжікстанда ВИЧ жұқтырған жігітті әскери комиссариатқа күштеп жеткізген
Душанбе қаласының ВИЧ жұқтырғын бір тұрғыны әскери комиссариатқа үш мәрте күштеп жеткізгенін, әскерге жарамсыз екенін айғақтайтын медициналық құжаттар көрсеткеннен кейін ғана босатқанын айтты.
Жас жігіт көшеге шығудан қорқып алған, өйткені оны тағы да комиссариатқа ұстап әкетуі мүмкін. Тәжікстанда «ВИЧ» диагнозы қойылғандарды армияға алмайды.
«Мені үш мәрте әскери комиссариатқа мәжбүрлеп алып барды. Ол жерде сенің сөзіңе сенбейді, медициналық комиссиядан өтуді талап етеді», — дейді астана тұрғыны.
Ол ВИЧ ауруын төрт жыл бұрын Ресейде жұқтырған. Жақындары оның ауруға шалдыққанын білмейді. ВИЧ жұқтырғандардың дені ауруын жасырады, қудалауға ұшыраймын ба деп сескенеді. «Тәжікстан қоғамы ВИЧ жұқтырғандарды қабылдамайтынын білемін, мен де ауруымды жасырдым. Ссл себепті әскери комиссариат қызметкерлері талабымен медициналық комиссиядан өтуден бас тарттым», — дейді ол.
Дилрабо Самадова мен оның «Азаматтар еркіндігі кеңсесі» қоғамдық ұйымындағы әріптестері бірнеше жылдан бері әскерге шақырту алғандар мен сарбаздарын құқықтарын қорғаумен айналысады. Олар ВИЧ жұқтырған жігітті әскери комиссариатқа мәжберлеп жеткізу өте сирек кездесетін оқиға екенін айтты.
Самадованың айтуынша, жас жігіттерді көшеде ұстаумен айналысатын комиссариат қызметкерлері бөтен кәсінің ВИЧ жұқтырғаны туралы мәліметті жариялаған жағдайда қылмыстық жауапқа тартылатынын түсінуі тиіс.
Республикалық СПИД-пен күрес орталығының мәліметінше, 1991 жылдан бері Тәжікстанда ВИЧ жұқтырған шамамен 14 мың науқас тіркелген. Олардың 3500-ден астамы қайтыс болған.
newstaraz.kz