Тәжікстанда жаңажылдық шырша өртенген ауданның милиция басшылары қызметінен алынды
Хатлон облысына қарасты Вахш ауданы ішкі істер бөлімінің басшысы және оның орынбасары алаңда өртенген шыршадан кейін қызметінен босатылды.
Озоди радиосының дереккөзі хабарлағандай, өрт кезінде алаңда тәртіп сақшылары болған емес. Алғашқы мәлімет бойынша, алаңда ойнап жүрген балалар шыршаны өртеп жіберген.
Тәжікстан ішкі істер министрлігі Вахш ауданының милиция басшысы Алишер Неъматзоданың қызметінен алынғанын растап, бірақ мұны кадрдык ротациямен түсіндірген.
11 қаңтарда Вахш ауданының өрттен қорғау бөлімінің басшысы Намозали Салимов жаңажылдық шыршаны үш жасөспірім ойнап жүріп өртеп алғанын мәлімдеген. Балалардың ата-аналары әкімшілік заң бұзу бойынша жауапқа тартылған.
newstaraz.kz