Тәжікстанда жеті жұмысшы кәрізде тұншығып қайтыс болды
Тәжікстанның Пенжикент қаласында жергілікті су шаруашылығы коммуналдық басқармасының жеті жұмысшысы кәрізге түсіп, тұншығып қайтыс болған.
Оқиға 13 мамырда Пенжикенттегі көшелердің бірінде болған.
Соғды облыстық төтенше жағдайлар басқармсының баспасөз хатшысы Диловар Хамдамовтың сөзінше, аталған басқарманың жеті жұмысшысы және тағы бір жергілікті тұрғыны ондағы жұмысты жүргізу үшін кәрізге түскен.
Оларды ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізген. Бірақ өзіне келмеген. Қазір бұл оқиғаға байланысты тергеу ісі жүріп жатыр.
newstaraz.kz