Тәжікстаннан шетелге кеткен еңбек мигранттары саны екі есе артты
Тәжікстанда жыл басынан бері шетелге жұмысқа кеткен еңбек мигранттарының саны екі есе артты.
Тәжікстан еңбек, миграция және халықты жұмыспен қамту министрі Шырын Амонзоданың хабарлауынша, 2022 жылғы алты айда шетелге 322 мыңнан астам азамат жұмысқа кетті. «2021 жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда екі есе көп», — дейді министрі.
Ресми мәліметке қарағанда, тәжік мигранттарының 90 пайызы Ресейге жұмысқа кетіп жатыр.
Еңбек министрлігінің жауапты қызметкерлерінің бірінің айтуынша, батыс санкцияларына қарамастан Ресей экономикасы тұрақтылығын жоғалта қойған жоқ. «Ресей қарсы санкция салына бастаған уақытта жағдайдың қалай өрбуі мүмкін екенін болжадық. Еңбек мигранттары елге лег-легімен қайта бастауы мүмкін еді. Абырой болғанда, мұндай болжам расталмады. Биыл Ресейде ұсталған немесе депортацияланған еңбек мигранттары саны азайды. Ресейден елге ақша аудару әжептәуір өсті», — дейді министрлік өкілі.
Түрлік болжамдарға қарағанда, Ресейде Тәжікстанның бір миллионнан астам азаматы жүр.
newstaraz.kz