Ташкент әкімі міндетін уақытша атқарушы болып Шавкат Өмірзақов тағайындалды
44 жастағы Шавкат Өмірзақов Ташкент қаласының әкімі қызметін уақытша атқарушы болып бекітліді. Бұл туралы ӨзА хабарлады.
Шавкат Өмірзақов 2018 жылғы маусымнан бастап «Өзавтосаноат» компаниясының басқарма төрағасы болып істеген. Ал 2013-2018 жылдары ол Бас прокуратура Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасын басқарған.
Еске салайық, биыл 16 қаңтарда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев астананы 2018 жылғы сәуірден бері басқарып келген Жахонгир Артыққожаевты қызметтен алды. Мәліметтерге қарағанда, Артыққожаев қыс маусымына дұрыс дайындалмағаны үшін сөгіс естіген.
Содан бері Ташкент әкімдігін астана басшысының бірінші орынбасары Бахтиёр Рахмонов уақытша басқарып келген.
Бұрынғы депутат Расул Көшербоев Ташкентке жаңа басшысы келгені хабарланған уақытта Шавкат Өмірзақовты президент тапсырмасын орындамайтын шенеуніктердің бірі деп сынады. Көшербаевтың айтуынша, Өмірзақов «Өзавтосаноатты» басқарып тұрған кезде президенттің «1 мамырға дейін автокөлік кезегін жою» туралы тапсырмасын орындамаған.
newstaraz.kz