Новости на Newstaraz.

Ташкент: Өзбекстан аумағына өткен 53 ауған сарбазы еліне қайтарылды

newstaraz.kz

23 маусымда Ауғанстан шекара әскерінің және жергілікті жасақтың 53 жауынгері Өзбекстан аумағаны өткен.

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, «тергеу амалдарынан соң ауған азаматты еліне оралды».

«Өзбек аумағына заңсыз өтуге әрекеттенгендердің жолы аясуыз кесіледі, мемлекет шекарасын бұзғандарға ең қатаң шара қолданылады», — деп хабарлады СІМ.

Министрліктегілердің айтуынша, Өзбекстан Ауғанстандағы әскери-саяси жағдайды, әсіресе солтүстіктегі шекаралас аймақтарды жіті бақылап отыр. СІМ жанжалға тартылған барлық тарапты күш қолданбауға, бейбіт халықтың шырқын бұзбауға шақырды.

«Өзбек жағы Ауғанстанмен жақын көрші ретінде достық қарым-қатынастың сақталғанын, өзге елдің ішкі ісіне араласпай, бұл мәселеде бейтарап болуды қалайды», — делінген министрлік мәлімдемесінде.

Тәжік-ауған шекарасындағы жағдайды Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері 23 маусымда телефонмен талқылаған. Тәжікстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шавкат Мирзияев пен Эмомали Рахмон ауған шекарасындағы жағдайды «тынышсыз» деп сипаттаған.

Бейсенбі күні Тәжікстанның шекара әскері ауған үкіметі әскерінің 134 сарбазы Ауғанстаннан шығып кеткенін хабарлады. Тәжік шекарашылары олардың «Тәжікстан аумағына қарсылықсыз өтуіне рұқсат берген».

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »