Ташкентте қала әкімінің «ақылды есептеуіші» үшін жүздеген адам жұмысынан айырылды
Өзбекстанда мемлекеттік «Худудгазтаъминот» компаниясы сәуір айының басынан бері екінші рет қызметкерлерінің санын қысқартып жатыр.
«Сәуірдің басында «Худудгазтаъминот» жалпы өлке бойынша мыңнан астам жұмысшысын шығарған. 5 мамырда тағы осынша қызметкерін қысқарту туралы шешім қабылдады. 7 мамырда жиналыс өтіп, жұмыстан шығарылатындарға ескерту хаты тапсырылған», — деді аты-жөнін білдіргісі келмеген жұмысшылардың бірі.
Оның сөзінше, азаматтардың үйіне ақылды газ есептеуіші орнатылғаннан кейін «Худудгазтаъминот» Ташкент әкімі Жахонгир Артыкхожаевқа тиесілі «Технопарк» компаниясына ірі сомада ақша қарыз болып қалған.
«Ақылды газ есептеуіштер азаматтардың үйіне бір жылдан бері орнатылып жатыр. Алғашында бұл мемлекет бюджеті есебінен атқарылатыны айтылып, елге есептеуіштер тегін орнатылған. Бірақ «Худудгазтаъминот» есептеуіштерді алғаны үшін «Технопарк» компаниясына қарыз болып қалған.
«Худудгазтаъминот» компаниясының ресми сайтында жұмысшыларды қысқарту туралы ресми мәлімет жоқ. Мекеменің баспасөз қызметінің өкілі журналистердің сауалына жауап беруден бас тартты.
Биыл тамызға дейін барлық өзбекстандықтың үйіне ақылды газ есептеуіші орнатылуы тиіс. Бұл іс «Худудгазтаъминот» мемлекеттік компаниясына жүктелген.
Бұл жоба аясында тендерден жеңді деп танылған «Технопарк» компаниясы «Худудгазтаъминот» компаниясына 3,5 млн-нан астам газ есептеуішін жеткізген.
newstaraz.kz