Ташкентте 21 жастағы жігіт терезеден құлап қайтыс болды
Прокуратура Сұрхандария облысындағы ішкі істер бөлімшесінің терезесінен секіріп қаза тапқан 21 жастағы жігіттің өлімін тексеріп жатыр. Бұл жөнінде Өзбекстанның бас прокуратурасы хабарлады.
Мекеме мәліметінше, 22 мамырда таңертең Х.Т. есімді азаматты 53,52 грамм есірткі қолданды деген күдікпен милиция бөлімшесіне алып келген.
Ол дәретханаға баруға рұқсат сұраған. Ол 4 қабаттағы дәретхана терезесінен секіріп кеткен. 29 мамырда ауруханада алған жарақатынан есін жинамастан, көз жұмған.
Kun.uz сайтының мәліметінше, қайтыс болған азаматтың аты-жөні Хафизулла Тургунбоев. Оның туыстары өзіне қол жұмсады дегенге сенбейді.
«Хафизулланың тәнінде ешқандай сынықтың іздері жоқ. Ешжері сынбаған. 4 қабаттан құлаған адамның қалайша денесіне зақым келмеген. Дәретхана терезесіне сыйып кетті дегенге сенбейміз. Бұл өлім күдік туғызады», — деген марқұмның туысы.
newstaraz.kz