Ташкентте адамдарды көпірден лақтырғысы келген бір топ пранкер 15 тәулікке қамалды (видео)
Ташкентте бір топ пранкер адамдарды көпірден лақтырамыз деп әзілдеген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері олардың кім екенін анықтап, жауапқа тартты, деп хабарлады «Ёшлар» телеарнасы.
Қала тұрғындарын көпірден лақтырмақшы болған әрекеті әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Ташкент қаласының полициясы пранкерлердің кім екенін анықтады.
Тергеу барысында Жасур есімді жас жігіт пранк-ролик түсіру үшін адамдарды келеке еткені анықталды. Осы видеоны түсіруге көмектескендер де табылды. Олар қоғамдық орындарда жүріп-тұру тәртібін бұзды деп айыпталды.
Видеороликті дайындауға қатысқан бес жас жігіт сот алдында жауап беріп, әрқайсы 15 тәулікке қамалды.
newstaraz.kz