Ташкентте бес бастағы қызын өлтіріп, мәйітін өртеген ата-ана ұсталды
Ташкенте бес жастағы қызын әдейі өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады.
Прокуратура мәліметі бойынша, 4 қарашада А.В. есімді әйел құқық қорғау органдарына хабарласып, бес жастағы қызы жоғалып кеткенін айтқан. Дегенмен А.В. мен оның азаматтық некедегі күйеуі М.Ф. берген жауаптан тергеушілер секем алған.
Олар оқиға 25 қазанда, түнгі сағат үште болғанын анықтаған. Ерлі-зайыптылар жалдамалы пәтерде арақ ішіп, одан соң бес жастағы қызын ұрған, қасақана өлтірген. Қылмыс ізін жасыру үшін олар мәйітті жасыруға тырысқан. Таңертең мәйітті сөмкеге салып, қала шетіне алып шыққан. Оны өртеп, өртенбей қалған қалдықтарын Шыршық өзеніне лақтырған.
Одан соң ерлі-зайыптылар құқық қорғау органдарына бала жоғалып кетті деп хабарлаған.
Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.
newstaraz.kz