Ташкенттің 12 ескі қақпасы қалпына келтіріледі
XIX-ғасырдың ортасына дейін Ташкент 12 қақпамен қоршалған болатын. Ескі атаумен олар Лабзак, Тахтапул, Қарасарай, Сагбан, Шығатай, Кукча, Самарқанд, Камалон, Бешагач, Қоймас, Қоқанд және Қашғар деп аталған.
Олардың әрқайсында күзет тұрған, Ташкентке кірген сауда керуенінен салық алынған.
Он екі қақпаның екеуі биыл қалпына келтіріледі деп мәлімдеді қала әкімдігі.
Ташкенттің ескі қақпаларын қалпына келтіру жөнінде былтыр қазан айында қала әкімі шешім шығарған.
newstaraz.kz