Новости на Newstaraz.

Татьяна Каримова колониядағы Гүлнарамен кездестірмей жатқанына шағымданды

newstaraz.kz

Өзбекстанның бұрынғы бірінші ханымы Татьяна Каримова әлеуметтік желілерде түрмеде отырған қызы Гүлнарамен кездестірмей жатқанына шағымданды. Бір апта бұрын марқұм Ислам Каримовтың үлкен ұлы Петр Татьяна Каримованы мұрагерлік мәселесі бойынша сотқа бергені мәлім болған.

«Немерем Иманды 25 жасқа толуымен құттықтаймын. Бақытты өмір, махаббат, әрдайым туыстарының арасында болуын тілеймін. Бірақ, өкінішке қарай, мені әйелдер колониясында отырған қызым Гүлнарамен кездестірмеді…» деп жазды Татьяна Каримова 17 маусымда Instagram’дағы парағына.

Әлеуметтік желілердегі белсенділер Татьянаның парағына айыптау жазбаларын көптеп қалдырып жатыр.

«Мына отбасындағы жағдай әлемде бәрі өзгеріп тұратынын, бәрі сынақ екенін, бәріне жауап беруге тура келетінін еске салды» деп жазды қоғам белсендісі Барногүл Санақұлова.

Татьяна Каримова күйеуі қайтыс болғанға дейін Өзбекстанда ең ықпалды адамдардың бірі болды. WikiLeaks жариялаған құпия құжаттарда америкалық дипломаттар Каримованың жоғары қызметтерді сатуға қатысы барын айтқан. Елдің бұрынғы бірінші ханымы шетелден Өзбекстанға тасылатын тауарларды бақылады деген мәлімет бар.

51 жастағы Гүлнара Каримова мемлекет мүлкін жымқырды, салық төлеуден бас тартты, қаржы қылмыстарын жасады деген айыптармен ұзақ мерзімге сотталып, қазір әйелдер колониясында отыр.

Өзбекстан бас прокуратурасы президент қызы мемлекетке 1 трлн 270 млрд 200 млн сум, 1 млрд 651,8 млн доллар, 26,1 млн еуро шығын әкелді дейді.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »