Новости на Newstaraz.

The Guardian: Джонсон партиясының демеушісі Гүлнара Каримоваға пара берер кезде кеңесші болған

newstaraz.kz

The Guardian басылымының хабарлауынша, Мохаммед Амерси – Ұлыбританиядағы Консерваторлар партиясының ірі доноры, Гүлнара Каримоваға пара беру кезінде кеңесші болған. Консерваторлар партиясының жетекшісі — премьер-министр Борис Джонсон.

Басылымда 4 қазанда жарияланған мақалада Telia швед телекоммуникация компаниясы (бұрынғы атауы Teliasonera – Ред.) Өзбекстанның мобильді байланыс нарығына Гүлнара Каримоваға 220 млн доллар пара беру арқылы кіргені айтылған.

Мохаммед Амерсидің адвокаттарының айтуынша, осы келісім-шартқа қатысты негізгі келісімдер одан екі жыл бұрын жасалған. Адвокаттар Амерси Telia компаниясы Гүлнара Каримоваға пара береді деп «оламаған» деп отыр.

Алайда The Guardian мен BBC Panorama Амерси Telia компаниясымен алты жыл бойы қатынас жасағанын, топ-менеджер осы компанияның Орталық Азия нарығына кіруінде маңызды рөл атқарғанын зерттеу барысында анықтаған.

The Guardian мәліметінше, осы уақыт аралығындағы жұмысы үшін Мохаммед Амерси 65 миллион доллар алған. Жексенбі күні жарияланған «Пандора құжаттарынан» (Pandora Papers) ақшаның бір бөлігінің Ұлыбританияда қымбат жылжымайтын мүлік сатып алуға кеткенін білуге болады.

The Guardian басылымы 2017 жылы Мохаммед Амерси Оксфорд университетіндегі іс-шараға қатысқанын, оған «жемқорлықпен күрескер» ретінде құрмет көрсетілгенін жазды. Амерси жемқорлықпен күрес — «жүрегіне жақын тақырып» деп айтқан.

61 жастағы Мохаммед Амерси 2019 жылы Ұлыбританияда парламент сайлауы кезінде Консерваторлар партиясын 100 мың фунт-стерлинг (шамамен 136 мың доллар) берген. Оның алдында топ-менеджер Борис Джонсонның, Майкл Гоувтың және Джереми Ханттың науқанына қаржылай көмек берген.

Еске салайық, биыл ақпан айында Швеция соты Telia компаниясының бұрынғы жетекшілерін ақтау үкімін күшінде қалдырды. Олардың бәріне Өзбекстанның бірінші президентінің қызы Гүлнара Каримоваға пара берді деген айып тағылған.

Гүлнара Каримованың өзі елінде түрмеде отыр. Ташкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі соты 2020 жылғы 18 наурызда Каримованы 13 жыл төрт айға соттады.

Сот президент қызын қылмыстық топ ұйымдастырды, алаяқтық жасады, өзгенің мүлкін тартып алды, оны талан-таражға салды деп таныды. Сонымен бірге Гүлнара Каримова қылмыспен келген табысты заңдастырды деп танылды.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »