Новости на Newstaraz.

ТОҚАЕВ ҮКІМЕТТІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАЙДЫ

newstaraz.kz

Ішкі істер министрі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылуы мүмкін. Ертең Президенттің қатысуымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты қоғам белсінделері осындай болжам жасап отыр. Әдетте жаңа жылдың басында өтетін дәстүрлі жиында атқарушы биліктің жұмысына баға беріледі. Кейбір министрлер, әкімдер, тіпті Премьер-министрдің өзі мемлекет басшысынан сын естіп тарайды. Ал президент болғалы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен екінші рет өткелі тұрған кеңейтілген Үкімет отырысында қандай мәселе қаралып, кімдер сөз естуі мүмкін? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
«Вы просто трусы, а не правительство и не министры. Руки, колени дрожат, чтобы принять решение, а для чего тогда работаете? Очистите мне все банки, буду считать, что честно выполнило свой долг это правительство, и уйдите с этим в отставку»

Бұл 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің соңғы отырысы. Осы сөздерден кейін көп кешіккен жоқ, расымен де Сағынтаев басқарған министрлер кабинеті отставкаға кетті. Жалпы, көзі қарақты көрерменде байқайтын шығар. Үкіметтің кеңейтілген отырысында сын естігендер, Президент астарлап сұрақ қойғандар, артынша лауазымынан босатылады, не қызметін ауыстырады.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
«Не болды? Тамара, ал айтшы? Әлде шаршадың ба мына жұмыстан?»

Осы сөзден кейін әлеуметтік сала министрі Тамара Дүйсенова сол күні жұмыстан кетіп, орнына атышулы Мәдина Әбілқасымова тағайындалды. Ал былтырғы жиында Ауыл шаруашылығы министрі болған Өмірзақ Шөкеев те көп кешіккен жоқ, Назарбаевтың бір ауыз сөзінен соң министр лауазымынан босатылып, Түркістан облысына әкім болып кетті.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
“Барлық корифейлер жұмыс істедіңдер. Ахметжаннан бері қарай. Ешқайсысың жақсы көрсеткіш көрсетпедіңдер. Мәз болып отырсыңдар”.

РАСУЛ ЖҰМАЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ:
“Ауыс-түйістер уақыт өткен сайын болып тұрады. Бірақ олар неліктен болды, неліктен министр қуылды, неліктен жаңасы қойылды, неліктен осы тұлға деген сұрақтарға билік әркез жауап бермейді. Қоғам, сарапшылар өздері болжайды”.

Үкіметтің әр жылғы кеңейтілген отырыстарында қаржы министрі болған Бақыт Сұлтанов көп сын еститін еді.

Абырой болғанда ол қызметінен ауыстырып үлгерді. Астанаға әкім болды, көп балалы аналардың айқай шуынан кейін әкімдіктен кетіп, жаңадан құрылған сауда және интеграциялар министрілігіне басшы болып барды.

АЙГҮЛ ОРЫНБЕК ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ
“Ертеңгі Үкіметтің отырысында көптеген өзгерістер болады деп ойлаймын. Себебі, көрші елдерде де бәрі отставкаға кетіп жатыр. Бізде де қайталанады деген ойдамын. Ертеңгі ауыс-түйісте кім қай орынға келеді? Мен өзім ішкі істер министрінің ауысқанын қалаймын. Себебі осы салада жемқорлық, қылмыстың ашылмауы үдеп кетті. Әкімдерден ШҚО әкімі Даниал Ахметов орнынан кетеді деген ойдамын. Зейнеткер, жасы келді”.

Ал ертеңгі Үкіметтің кеңейтілген отырысына Тоқаев осымен екінші рет қатысқалы отыр. Жазда жарты жылдықтың қорытындысын өткізді. Онда көп сынаған жоқ. Тек Арыс оқиғасына байланысты Қорғаныс министрі Ермекбаевқа қатаң сөгіс берді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
“Я как Верховный главнокомандующий выражаю неудовлетворение положением дел в Министерстве обороны, поэтому объявляю вам строгий выговор».

Ал ертеңгі Үкіметтің маңызды жиыны бұдан да қатал өтуі мүмкін. Әсіресе, зейнетақы қорындағы қаржынының бір бөлігін халыққа беру туралы Тоқаевтың тапсырмасын орындамағандарға тықыр таянуы ықтимал. Сондай-ақ, бюджетті тиімді игеру, азық-түлік қымбатшылығы, аграрлық жерлердің әлі күнге игерусіз жатқандығы, тұрғын үй бағдарламаларының орындалуына жауапты министрлер мен әкімдерге оңай болмайтын сияқты. Оған кешеден бергі боранды қосыңыз…..

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »