Новости на Newstaraz.

У ішіп қойған. Әкесін қар үстінде сүйреген баланың суреті тарады

newstaraz.kz

Желіде науқасты үйінен көлікке дейін қар үстінде сүйреген фельдшер мен баланың суреті тарады. Жедел жәрдем көлігі жол тазаланбауына байланысты науқастың үйіне жете алмаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға Қостанай облысында болған. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Желіде тараған суретте фельдшер науқасты көлікке дейін қар үстінде сүйреп бара жатқаны көрсетілген. Фотода ешқандай жол жоқ екені, бәрін қар басып тастағаны анық көрінеді. Науқастың үстіне қалың көрпе жабылған. Фельдшермен бірге науқасты оның баласы да сүйреген.

Ведомстводағылар сурет 11 наурызда түсірілгенін хабарлады.

«Расымен, фото 11 наурызда Арқалық ауданы Родина аулында түсірілген. Жедел жәрдем бригадасы үйге жете алмай, жағдайды бағалап, науқасты үйінен көлікке дейін 200 метр тасымалдаған. Науқас су ішемін деп шатасып, улы зат ішіп қойған. Ол Арқалық ауданына жеткізілді. Ер адам ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болды. Бір тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатты. Қазір жағдайы жақсарып, терапия бөліміне ауысты. Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», — деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »