Новости на Newstaraz.

Украин астығы экспортына қойылған тосқауыл келесі аптада алынуы мүмкін

newstaraz.kz

Стамбұлда Украина, Ресей және Түркия делегациялары, сонымен бірге БҰҰ өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде украин астығын теңіз жолымен экспорттау туралы келісім жасалды.

Бұл туралы The Wall Street Journal дерекөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Басылым мәліметінше, астық Украиның үш портынан украин кемелерінің күзетуімен сыртқа шығарылуы мүмкін. Бұған қоса, Түркия әскери теңіз күштері украин порттарына келетін кемелердің бос екенін тексереді. Өйткені Ресей бұл кемелерді батыс қаруын Украинаға жеткізу мақсатында пайдалануы мүмкін деп күтіктеніп отыр.

Түркия қорғаныс министрі Хулуси Акараның мәлімдеуінше, сәрсенбі күні украин астығын Қара теңіз арқылы экспорттау мәселесі жөніндегі келіссөздерде маңызды қадам жасалды. Астық экспортына қатысты келісімге келесі аптада Стамбұлда қол қойылуы мүмкін.

Бұл уақытта Би-би-си дереккөзі түпкілікті шешім 19 шілдеге дейін қабылданбауы мүмкін екенін айтып отыр. Сол күні Тегеранда Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Ердоған кездеседі. Батыс шенеуніктерінің айтуынша, Ердоған астық экспорты мәселесін Путинмен телефон арқылы шешкісі келген, бірақ Ресей басшысы шешімді бетпе-бет кездесуде жариялауды көздеп отыр.

Батыс сарапшыларының мәліметінше, Украинаның Одесса және соған жақын өңірлерінде 20 миллион тоннаға жуық астық жиналып қалған.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »