Украина ДХР мен ЛХР-ды мойындаған Пхеньянмен дипломатиялық қатынасты үзді
Украинаның сыртқы істер министрлігі ДХР мен ЛХР-ды мойындаған Солтүстік Кореямен дипломатиялық қатынасты үзді деп мәлімдеді.
«Пхеньянның бұл шешімін Украинаның аумақтық тұтастығына қол салу, Украина Конституциясы мен БҰҰ талаптарын бұзу деп қабылдаймыз», — делінген мәлімдемеде.
«Ресейдің Солтүстік Корея секілді жабық елдерден басқа одақтасы қалмады. Украина елдің тұтастығына қол сұққандарға өте қатал жауап қайтарады», — деді Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба.
Солтүстік Кореяның ДХР мен ЛХР-ды мойындағанын алдымен өзін-өзі жариялаған Донецк халықтық республикасы мәлімдеген. Кейін Ресейдің мемлекеттік ақпарат агенттіктері бұл мәліметті растады.
Солтүстік Корея Украинадағы жікшілдер жариялаған ДХР мен ЛХР-ды мойындаған Ресей мен Сириядан кейінгі үшінші ел.
newstaraz.kz