Украина мен Ресей «17-де 15» форматы бойынша әскери тұтқындар алмасты
Украинаның қорғаныс министрлігінің барлау басқармасының жетекшісі сейсенбі күні Ресеймен тұтқындар алмасқанын мәлімдеді.
Мекеме мәліметінше, тұтқынға түскен 15 орыс солдатын 16 украин әскери қызметкері, оның екеуі офицер және бір бейбіт тұрғынмен айырбастағанын жеткізді.
«Украинская правда» басылымының жазуынша, тұтқынға түскен украин сарбаздарының арасында теңізшілер мен десантниктер бар.
Тұтқындарды айырбастау процесі Херсонск мен Николаевск облыстары шекарасында жүрген. Бұл аумақтар қазір Ресей әскерінің бақылауында.
Ресей тарабы тұтқындар алмасу процесіне пікір білдірмеді.
newstaraz.kz