Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін қырғыз азаматы 10 жылға сотталды
Бішкек Бірінші май аудандық соты Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін қырғыз азаматын 10 жылға соттады.
Тергеу мәліметінше, ол Донбасс сепаратистерінің жағында соғысқан.
Үкімде айтылғандай, 30 жастағы айыпталушы Мәскеуде жұмыс істеп жүріп, «ЛХР» әскери тобына қосылған. Оның мақсаты — ақшалай сыйақы мен Ресей азаматтығын алу болған екен. Жарты жылдан кейін әскери қызметтен кетіп, Мәскеуге оралған. Ол жақтан отаны Бішкекке қайтып келген.
Айыпталушы өзінің айыбын мойындамаған. Ол «ЛХР» аумағында болғанын, соғыс әрекеттеріне қатыспағанын айтқан.
Қырғызстан және Орталық Азия елдері шетелдегі соғыс әрекеттеріне қатысқан азаматтарына қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіп келеді.
newstaraz.kz