Новости на Newstaraz.

Украинадағы соғысқа байланысты ВИЧ және құрт індеті көбеюі мүмкін

newstaraz.kz

СПИД, құрт және безгек індетіне қарсы ғаламдық қоры Украинадағы соғыс Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда ВИЧ және құрт ауруының көбеюіне әкеледі деп дабыл қағады.

Бұл жөнінде аталған қордың директоры Питер Сэндс немістің Redaktions Netzwerk Deutschland (RND) басылымына берген сұқбатында айтты.

«Жаппай миграция, босқындарды тар бөлмеге орналастыру және медициналық көмектің тоқтап қалуы аталған инфекциялардың кең тарауына әкеледі», — деді Ғаламдық қор директоры.

Сэндстің айтуынша, қазір көптеген укриандықтар медициналық көмекке зәру. Соғысқа байланысты науқастарды емдеу және індеттің алдын алу бағдарламасы тоқтап қалған.

«150-ден астам медициналық мекеме бұзылған. Дәрігерлер мен науқастардың көбі босып кетті. Көбі жараланған немесе қаза тапты. Бұл жағдай үнемі ем қабылдауды қажет ететін ВИЧ жұқтырған науқастарға қиын болып тұр», — деді Сэндс.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Украинада соғысқа дейін 260 мың адам ВИЧ індетін жұқтырған. Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша Украина ВИЧ жұқтырғандар көлемінен Ресейден кейін екінші орында болған.

ДДСҰ мәліметі бойынша, 2020 жылы Украинада құрт індетін жұқтырғандар саны 32 мың болған.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »