Новости на Newstaraz.

Украинада Каховка ГЭС-і жарылып, Херсонда тұрғындарды эвакуациялау басталды

newstaraz.kz

Украинаның Херсон облысында Каховка ГЭС-і жарылып, тонналаған су Днепрге ақты. Су басқан аудандардың тұрғындарын эвакуациялау басталды. Бөгетті қалпына келтіру мүмкін емес деп мәлімдеді сол ауданды бақылауда ұстап отырған Ресей билігі.

Біреулер Ресей бақылауындағы бөгетті жарып жіберген десе, тағы біреулер апатқа бөгеттің ескіргені себеп болған дейді. Жауласушы тараптар бірін-бірі айыптап отыр.

«Оңтүстік» украин әскері тобының қолбасшысы Каховка ГЭС-ін Ресей әскері жарып жіберді деп мәлімдеген. Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Дарья Заривнаның мәлімдеуінше, бөгетті жарудағы мақсат — Украинаның қарымта шабуылына кедергі жасау.

Ресейдің Кахов ауданына басшы етіп тағайындаған Владимир Леонтьевтің хабарлауынша, бөгет Украина жағының түнгі соққылары салдарынан қираған. Днепр өзенінің Ресей әскерлері де орналасқан сол жағалауында Новая Каховканы да су басуы мүмкін.

Леонтьевтің айтуынша, нысанды қалпына келтіру мүмкін емес. ТАСС мәліметінше, Каховка ГЭС-дегі 28 су өткізетін арнаның 11-і қираған.

Бөгет өзі опырылып түсуі мүмкін деген де болжамдар айтылып жатыр. Себебі соғыс жылдары нысан дұрыс күтім көрмеген.

Украина ішкі істер министрлігі Днепр өзенінің оң жағалауында су басуы мүмкін елдімекендер тұрғындары эвакуациялатынын жариялады. Министрлік Николаевка, Ольговка, Лево, Тягинка, Понятовка, Ивановка, Токаревка, Приднепров елдімекендері мен Херсонның бір бөлігін су басуы мүмкін екенін ескерті.

Украина президенті Владимир Зеленский Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиналысын шақырды.

Бөгетті жарып жіберуі мүмкін екенін Владимир Зеленский 2022 жылғы қазанда айтқан. Сол кезде Мәскеу Киев нысанға шабуылдауды жоспарлап жатыр деп мәлімдеген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »