Новости на Newstaraz.

Владимир Зеленский Конгрессте сөз сөйледі

newstaraz.kz

Сәрсенбі, 21 желтоқсан күні Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа барды. Бұл– Зеленскийдің соғыс басталғалы шетелге алғаш шығуы. Ол АҚШ президенті Джо Байденмен кездесіп, Конгресс алдында сөз сөйледі.

Сапар қарсаңында Ақ үй Украинаға қосымша 1,85 млрд доллар бөлетінін мәлімдеді, Конгресс осы аптада Украинаға 45 млрд доллар көлемінде қосымша көмек беруді қамтитын құжатқа дауыс бермек.

Президенттердің кездесуі Ақ үйде өтті. Джо Байден Владимир Зеленскийді президент резиденциясына кіреберісте жылы қарсы алып, кездесу басында Америка халқы Украинаны «мақтанышпен» қолдайды және оның «әділетті әлемге» ұмтылысын қуаттайды деді.

АҚШ президенті Ресейдің Украинадағы инфрақұрылымдарды атқылауын айыптап, Мәскеу қақаған аязды «қару ретінде пайдалануға тырысып жатыр» дем мәлімдеді. Украин халқы әлемді «рухтандырып жатыр» деген пікірін де жеткізді.

Зеленский АҚШ президенті, Конгресс және америкалықтарға Украинаға көмегі үшін алғыс білдірді.

Келіссөз екі сағатқа ұласып, артынан екі ел басшысы баспасөз жиынын өткізді. Байден Украинаға қосымша көмек ретінде 1,85 млрд доллар бөлетінін мәлімдеді. Бұл көмектің ішінде Patriot әуеден қорғану жүйесі де бар.

Сондай-ақ Ақ үй иесі украин халқы Ресей басқыншылығына төтеп беріп келеді және АҚШ украин халқының бостандық үшін күресін қолдай береді деп мәлімдеді. Байден осы тұста АҚШ-тың Ресейге салған санкциялары мен Украинаға әскери техника мен қару-жарақ жеткізгенін және қаржылай қолдағанын да атап өтті. Украинаны қолдау арқылы АҚШ пен одақтастары азаттық, демократия және халықаралық құқықтың негізгі принциптеріне дем береді деді.

Зеленский баспасөз жиыны кезінде кездесуді «тарихи сәт» деп атап, басталғанына 300 күн болған соғыста АҚШ Украинаның нағыз әріптесі әрі одақтасы екенін дәлелдеді деді. Ол сондай-ақ Украинаның территориялық тұтастық және соғыс шығынын өтеу мәселесіне келгенде ешқандай шартқа көнбейтінін мәлімдеді.

«Путинге не айтқыңыз келеді?» деген сұраққа Зеленский «қазір әлемге не айтқысы келетінін Путиннің өзі ойлануы тиіс, ол өзін өркениетті адамдар қатарынан шығарып тастады» деді.

Байден болса, Patriot жүйесінің тек қорғану үшін беріліп жатқанын, жағдайды ушықтыруды көздемейтінін мәлімдеді.

«Оларды мүлдем пайдаланбаған да дұрыс болар еді, тек шабуылды тоқтату үшін ғана» деді ол.

Зеленский Patriot жүйелерін жаңа көмек топтамасының ішіндегі ең елеулісі деп атап өтіп, Киевке «жақсы жаңалықпен» баратын болдым деді. Оның сөзінше, бұл жүйелер Украина әуе кеңістігін қорғауда үлкен қадам болмақ.

Дәл қазір Ресей күштері Украина қалаларының, оны ішінде инфрақұрылым нысандарын зымыран және дрон көмегімен атқылап жатыр. Украина АҚШ-тың бұл қаруын осы инфрақұрылым нысандарын қорғау үшін қажет етіп отыр.

Алайда Patriot жүйелері бірден жіберілмейді. АҚШ әскері алдымен Украина күштеріне бұл жүйені қолдануды үйретуі тиіс.

Зеленский кездесуге әдеттегідей әскери үлгіде жасыл киіммен келді.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »