Волгоградта 11 өзбек мигранты астан уланды
Ресейдің Волгоград облысы Быков ауданында астан уланған 11 өзбек мигранты ауруханада жатыр. Бұл туралы Өзбекстан сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттігі хабарлады.
Агенттік мәліметінше, ауруханаға түскен еңбек мигранттарының бәрі Быков ауданындағы «Победа» шаруа қожалығында заңсыз жұмыс істеген. Олар 28 шілдеде астан уланып қалған.
Екі науқасты Волгоград облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жолдаған, қалған тоғызы Быков ауданындық ауруханасында ем қабылдап жатыр.
Дәрігерлер науқастардың жағдайын қанағаттандырарлық деп бағалады.
newstaraz.kz