Новости на Newstaraz.

Қырғызстан үкіметі Өзбекстанмен шекара маңындағы 32 үйді сатып алған

newstaraz.kz

Қырғыз үкіметі Өзбекстанмен шекарадағы «Достық» өткізу бекетін кеңейту үшін, сол маңдағы 32 үйді сатып алған, тағы үш үйдің иесімен соттасып жатыр. Осылай деп вице-премьер-министр Дайыр Кенекеев мәлімдеді.

Оның айтуынша, үкімет басшысы Сапар Исаков өткізу бекеттерін кеңейту жұмыстарын тездету керек деп тапсырған.

2018 жылдың ақпан айынан бері Ош облысындағы «Достық» шекара өткізу бекетінде ұзын-сонар кезек көбейген. Мұны шекара қызметі тауар айналымының артқанымен түсіндіреді.

Қырғызстан шекара қызметінің мәліметі бойынша, «Достық» бекетінде қаңтар айынан бері 10 кабина (бесеуі Қырғызстаннан шығушылар үшін, бесеуі кірушілер үшін) жұмыс істейді. Бекеттен тәулігіне кемінде 7 мың адам өтеді екен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артқан.

2017 жылдың қыркүйек айынан бері Өзбекстан Қырғызстанмен шекарадағы жеті жылдан бергі барлық шектеулерді жойды.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »