Новости на Newstaraz.

Қырғызстанда қытайлардың заңсыз төлқұжат қалай алғанын зерттейді

newstaraz.kz

Қырғызстандағы Ош облысының милициясы Қытайдың төрт азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады. Олар Қырғызстан төлқұжатын заңсыз алған деген күдікке қалған. Құжаттар жергілікті тұрғындардың есімдерімен толтырылса, ал бір төлқұжат қайтыс болған адамның атына рәсімделген.

Заңсыз құжаттар 2017 жылы қарашада Кара-Суй ауданындағы базарда жүргізілген тексеру кезінде әшкереленді. Сол кезде төрт қытай милиция қызметкерлеріне Қырғызстан төлқұжаттарын көрсеткен.

Ош облысы ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Женишбек Ашырбаевтың айтуына қарағанда, бір күдікті тұтқынға алынды, қалған үшеуіне іздеу жарияланды. Ұсталған азамат тергеу кезінде жалған құжат жасатуға екі мың доллар төлегенін мойындады, деді Ашырбаев.

Похожие статьи

Ресми мәліметке қарағанда, заңсыз төлқұжат бергені үшін төлқұжат үстелінің бірнеше қызметкері жауапқа тартылған:

«Ноокат ауданына қарасты төлқұжат-виза бөлімінің жалған құжаттар дайындауға қатысқан бір қызметкерінің ісі сотқа берілді. Олар Қытай азаматтарына құжат әзірлеумен айналысқан. Қазіргі таңда дәл осындай тағы он оқиға әшкереленді».

Шетел азаматтарына қырғыз төлқұжаттарын заңсыз беру фактілері бұған дейін де тіркелген. 2017 жылы бұл мәселе парламентте қозғалып, депутаттар төлқұжат беру қызметін Мемлекеттік тіркеу қызметінен ішкі істер министрлігіне беру туралы ұсыныс айтқан еді.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »