Новости на Newstaraz.

ЮНИСЕФ ауған мұғалімдерін тәліптер арқылы емес, тікелей қаржыландырады

newstaraz.kz

Ученицы одной из кабульских школ. Архивное фото

БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) Ауғанстандағы мемлекеттік мектептердегі мұғалімдердің бәрін тіркей бастады. Ұйым оларды «Талибан» арқылы емес, тікелей қаржыландыруды көздеп отыр.

Халықаралық қауымдастық «Талибан» қозғалысы құрған уақытша үкіметке көмектесуді доғарды. ЮНИСЕФ-тің Ауғанстандағы бөлімі өкілінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, «ұйым билікті қатыстырмай, жалақыны мұғалімдерге тікелей төлейді».

Ауған мұғалімдері тәліптерден мәселені тезірек шешуін бірнеше мәрте сұраған. Айлық төленбесе, қыздардың алтыншы сыныпқа дейінгі мектебі де жабылады.

Соған байланысты ЮНИСЕФ мектептер мен мұғалімдерді тікелей қаржыландыруды көздеп отыр.

Ауғанстанда білім жүйесі тәліптер билікке келген соң дағдарысқа ұшырады. Мұғалімдер төрт айдан бері айлық алмаған. Мемлекеттердің дені тәліптердің уақытша үкіметіне қаржылай көмек беруге тыйым салды, оның үстіне АҚШ пен Еуропа елдері Ауғанстан орталық банкінің шетелдегі активтерін бұғаттады.

«Талибан» қозғалысы Ауғанстанның көптеген аймақтарында қыздардың алтыншыдан жоғары сыныптарын жапты.

15 тамызда тәліптер Кабулды басып алып, үкімет күштеріне қарсы соғыс аяқталғанын жариялады. Сол күні Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден қашты. «Талибанның» қыркүйекте құрған үкіметін әлемнің ешбір елі мойындаған жоқ.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »