Новости на Newstaraz.

Өзбекстан қазағы: Мирзияев президент болған соң министр мен әкімдерді әбігерге салуда

newstaraz.kz

Шавкат Мирзияев. Фото: НТВ

Шавкат Мирзияевтің Өзбекстанда президенттік сайлауда жеңіске жеткеніне бірнеше ай болды. Бұл 30 миллионнан аса халқы бар елде жаңа реформалар қабылдап, оны жүзеге асыруға жеткілікті уақыт деп айтуға бола қоймас.

Соған қарамастан ала тақиялы аға­йындардың президенті осы қысқа мерзімде біршама тірлік тындырып жатқан сыңайлы. Бұл жөнінде бізге Қазақстанға қыдырып келген сол елдің азаматы Данабек Қожатаев айтып берді деп жазады Замана басылымы.

— Мен ұзақ жылдар құқық қорғау саласында қызмет атқарып, қазір еңбек демалысына шықтым. Соған қарамастан елдің тірлігіне араласып тұрамын. Жиындардан қалған емеспін. Жоғарыдан қандай басшы келсе де кездесулерге шақырады. Қазақстанға келгеніме үш-ақ күн болды. Содан бері қайда барсам да қоятын сұрақтары президентіміз Шав­кат Мирзиёевтің төңі­регінен әрі асқан емес. Шындықты айтсам, ол жақтағы қандас­тардың жағдайы қалай дегеннен бұрын «Прези­дент­теріңіз не тындырып жатыр?», «Каримов өлгенде жылағандар жаңа президентті қалай қабылдады?» – деп сұрайды.

Менің мынаған көзім жетті. Бұл дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ деген рас екен. Қураған шөптің орнына да жаңасы шығады емес пе? Рас, өзбекстандықтар Ислам Каримов өлгенде жылады, себебі ол өзбек хал­қы үшін қыруар жұмыс жасап кетті.

Бірақ Аллаға шүкір, Шавкат Миромонұлы қысқа мерзімде өзінің керемет реформатор екенін дәлелдеді. Ол бұған дейін де он жылдан аса үкіметті басқар­ғанын білесіздер. Сол кезде де қатал деп естуші едік. Үкімет басшысының қатал екендігіне көзіміз қазір жетіп отыр.

Похожие статьи

Мирзиёев премьер-министр болып сайланғанда өзбек телерадио басқармасының басшысын шақырып алып, мені көрсетсең қызметтен кетесің деген екен. Халықаралық кездесулерде болмаса, содан бері оны экраннан көрмеген едік. Президент міндетін уақытша атқарған кезде кейбі­реулер танымай да қалды. Өзі сондай қарапайым адам. Әрине, үкіметті басқарып отырғанда елдегі бірінші тұлғаға қарады, соның саясатын жүргізді. Сондықтан бұл өзін көрсеткен емес.

Шавкат Миромонұлы президент болғалы министрлер мен әкімдер мәре-сәре болып жүр. Президент жұмыс­тан түнгі сағат 2-де кетіп, таңертеңгісін 7-де қайтып келеді екен. Сенбі, жексенбіде облыстарды аралап кетеді. Аймақ басшыларын ауыстыруды да сол күндері жүзеге асырады.

Президентіміз әкімдер мен министрліктерге кедейшілікті жойыңдар деген талап қойып отыр. Сол үшін әрбір үйдің есігінің алдында бұзаулы сиыры, ештеңесі жоқ отбасының ауласында 100 тауық болсын деп жергілікті басшыларға тапсырма берді. Оны алу үшін жеңілдетілген несие беруде. Ауылдарда бос тұрған, құлаған үйлер көп еді, соларды трактормен тегістетті. Ұлтшылдықтың алдын алуды да құзырлы органдарға қатаң тапсырды.

Өзі тынымсыз екен. Демалу дегенді білмейді. Содан соң көбіне әкімдер белгілеген кестемен жүрмейді. Жүрсе де келе жатып кез келген көшемен бұрылып кете береді. Бір жерлерге барғанда көліктен түсіп, жаяу жүреді. Бір қуыстардағы үйлдерге кіріп, отбасы мүше­лерімен әңгімелеседі. Олардан жағдайларының қалай екенін сұрайды.

Қанша жалақы алып отырғандарын, тіпті қазанның түбі неге күйе екенін де сұраған кездері бар. Күзетінен мыңнан аса адамды қысқартып тастады. Аз уақытта өзінің нағыз халықшыл адам екенін дәлелдеді. Мұндай адамды қалай мақтасаң да жарасады ғой.

Жаһандану дәуірінде көрші мемлекеттермен тығыз байланыс орнату керектігін түсінді. Сол мақсатта тиісті министрліктерге тапсырма берді. Сөзінің айғағы болса керек, Қазақстан мен Өзбекстан арасында көлік қатынасы қайта қалпына келетін болды. Басқа да елдермен виза мәселесі шешілуде. Жалпы, бағыт дұрыс. Прези­дентіміз күн санап халық қолдауына ие болуда, — дейді Данабек Қожатаев.

 

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »