Зеленский Батысты аумағына ресейліктерді кіргізбеуге шақырды
Батыс елдері барлық ресейліктерге аумағына кіруге тыйым салуы қажет. Осылай деп Украина президенті Владимир Зеленский The Washington Post газетіне берген сұқбатында айтты.
Оның сөзінше, осыған дейін Ресейге салынған барлық санкциялар орыс азаматтары үшін бір жыл шекараны жабу және орыс мұнай-газын сатып алуға толық эмбарго жариялаумен салыстырғанда өте әлсіз.
«Ең маңызды санкция шекараны жабу, себебі ресейліктер бөтен жерді тартып алып жатыр. Ресейліктер философиясын өзгерткенге дейін өз әлемінде сүруі керек», — деді Зеленский.
Украина президенті Ресейдің барлық халқын оқшаулау арқылы жауапкершілікке тартуы керек деп есептейді. Бұл Путинге ықпал ететін жалғыз жол дейді ол.
Қазір Еуроодақтың бірқатар елдері Ресей азаматтарына виза беруді тоқтату мәселесін қарап жатыр. Мәселен, Эстония, Латвия және Финляндияда да осындай мәселе көтеріліп жатыр. 26 ақпаннан бастап Еуроодақ Ресеймен арадағы жеңілдетілген виза режимін тоқтатқан
newstaraz.kz