Зеленский Ресейден жоғалған кемелердегі құрал-жабдықтарды қайтаруын талап етеді
Украина президенті Владимир Зеленский Керчь бұғазында бір жыл бұрын ұсталған украин кемелеріндегі құрал-жабдықтарды қайтаруды Ресейден талап етеді. Кемелерді Ресей Украинаға 18 қарашада қайтарған.
Сәрсенбі күні Зеленский Очакова портында тұрған «Бердянск», «Никополь» катерлері мен «Яна Капу» буксирін тексерді. Украина президенті кемелерде құрал-жабдықтар мен қару-жарақтар жоқ екенін айтып, тексеру жүргізуді тапсырды.
Броньовані катери «Бердянськ» і «Нікополь» та буксир «Яни Капу» вже на Миколаївщині. Крок за кроком ми йдемо до миру, шукаючи дипломатичні рішення та борючись за те, щоб наша Україна була знову єдиною. pic.twitter.com/qtlmRCrajZ
— Володимир Зеленський (@ZelenskyyUa) November 20, 2019
Бұның алдында Украина әскери теңіз күштерінің қолбасшысы Игорь Воронченко Ресей Керчь бұғазында ұсталған украин кемелерін «қиратқанын» мәлімдеген. «Тіпті унитаздарды да алып тастаған» деді ол.
Ресей әскери теңіз флоты Бас штабының бұрынғы басшысы адмирал Виктор Кравченко «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында бұл мәлімдемеге сенбейтінін айтты. Ол украин кемелері атыс кезінде бүлінген болуы керек деп топшылады.
2018 жылы 25 қарашада Ресей шекарашылары Керчь бұғазы арқылы Азов теңізіне өтпек болған украин кемелерін атқылап, үш кемедегі 24 украин жауынгерін қолға түсірді. Киев бұны Ресейдің «агрессиясы» деп атады. Украинаны АҚШ, НАТО, БҰҰ және Еуроодақ қолдады. Ресей тағылған айыптарды жоққа шығарды.
Биыл қыркүйек айында украин теңізшілері тұтқын алмасу барысында елге қайтарылды. 20 қарашада украин кемелері Украинаға тапсырылды.
newstaraz.kz