Новости на Newstaraz.

Зеленский Ресейді Запорожье АЭС-ке теракт дайындап жатыр деп айыптады

newstaraz.kz

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді Запорожье атом электр станциясында (АЭС) теракт дайындап жатыр деп айыптады. АЭС Ресей оккупациялап алған Запорожье облысындағы Энергодар қаласында орналасқан.

Зеленский «террорлық акт» дайындап жатқаны туралы оған украин барлау қызметі мәлімет бергенін 22 маусымдағы видеоүндеуінде айтты.

«Радиацияның мемлекеттік шекарасы жоқ екенін тағы айтамын. Оның қай бағытқа тарайтынын жел бағыты анықтайды. Біздегі мәліметті барлық одақтасымызбен бөлісеміз», — деді украин президенті.

Кремльдің ресми өкілі мұны кезекті «өтірік» деп атады. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жақында ғана МАГАТЭ өкілдері сол жерге барғанын, олар АЭС ісін жоғары бағалағанын атап өтті.

МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гросси Украинадағы АЭС-ке 15 маусымда барған.

Оның сапары электр станцияға Кахов ГЭС-нің жарылуы қалай әсер еткенін бағалау мақсатын көздеген.

Жарылыстан кейінгі жағдай станция үшін қауіпті екені айтылған.

6 маусымға қараған түні Кахов ГЭС-нің дамбасы жарылып, Херсон облысының бірқатар елді мекендерін су басты. 30-ға жуық адам қайтыс болып, мыңдаған тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілген. Бұл үшін Киев пен Мәскеу бірін-бірі айыптап отыр.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »