Зерттеу: Тәжікстанда ВИЧ жұқтырған әйелдер қуғындалып жатыр
СПИД бойынша еуразиялық әйелдер желісі (EWNA) Тәжікстанда ВИЧ жұқтырған әйелдер қуғындалып жатқанын мәлімдеді.
Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда ВИЧ инфекциясын криминализациялау бойынша жарияланған зерттеуде төрт елде – Беларусьта, Ресейде, Тәжікстанда және Өзбекстанда ВИЧ жұқтырған секс-қызметкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту ең көп тіркелгені айтылған.
Зерттеу 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі мерзімді қамтыған және 11 елдің – Армения, Беларусь, Эстония, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Украина және Өзбекстанның мәліметтеріне негізделген. Зерттеуде Эстониядан басқа бұл елдердің бәрінде ВИЧ-ке байланысты қылмыстық заңдар бар екені де атап өтілген.
Тәжікстанда жәбірленген тарап арыз жазбаса да және оның ауру жұқтырғаны дәлелденбесе де, ВИЧ инфекциясы бар әйелдердің сотқа тартылуы жағдайлары көп.
EWNA атап өткендей, 2018-2021 жылдардың арасында Тәжікстанда «Адамның иммундық жетіспеушілік вирусын жұқтыру» бабы бойынша 175 айыптау үкімі шыққан.
newstaraz.kz